M

Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ-ның негізсіз қамауға алу жөніндегі жұмыс тобы дипломатиялық арналар арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кәрім Мәсімовті негізсіз ұстауға қатысты сауал жолдаған болатын. 2022 жылдың 6 маусымынан кешіктірмей БҰҰ Қазақстан Республикасының Үкіметінен ресми және толық жауап алуы керек.

Бұл ретте халықаралық заңгерлер тобы БҰҰ-ның азаптаулар жөніндегі арнайы баяндамашысы Нильц Мельцерге «Қазақстанда жүйелі түрде адам құқықтарының бұзылуына ұшыраған Кәрім Мәсімов пен басқа да мыңдаған азаматтардың негізсіз қамауға алынуы» туралы үндеу жолдады. Атап айтқанда, үндеуде Арнайы баяндамашыны Қазақстанға келіп, қаңтардағы наразылық кезінде орын алған адам құқықтарының жаппай бұзылуына, оның ішінде «заңсыз қамау, азаптау және адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге» қатысты тәуелсіз тергеу жүргізуге шақырады.

Олар одан әрі БҰҰ-ның осы заң бұзушылықтар туралы арнайы баяндамасында жүргізіліп жатқан тәуелсіз тергеулердің нәтижелерін қамтуға және қоғам белсенділерінің, сарапшылар мен құрбандардың туыстарының қатысуымен дайындалуға шақырды.